Биыл жол жөндеуге 277 млрд теңге жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл жол жөндеуге 277 млрд теңге жұмсалады

29.04.2021

Биыл жол салуға және күрделі жөндеуге 277 млрд теңге жұмсалады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қаражат жөнделген жолды 90 процентке дейін жеткізуге бөлінгенін хабарлады. Жалпы соманың 159 млрд теңгесі республикалық маңызы бар жол салуға және құрылысты қайта жүргізуге бөлінген. Ал 66 млрд теңге жолды күрделі жөндеуге жұмсалады. Биыл бұл салаға құйылатын инвестиция 205 млрд теңгеден асады дейді мамандар. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу