Қазақстан мен Ресей: Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей: Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы қабылданды

29.04.2021

Қазақстан мен Ресей 2021-2025 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасын қабылдады. Премьер-Министр Асқар Мамин Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Тараптар сауда-экономика, энергетика, геология, ауыл шаруашылығы және трансшекаралық өзендердің суын ұтымды пайдалану бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері де сөз болды. Коронавируспен күрес және пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен бірқатар құжатқа қол қойылды.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу