Еліміздегі белгілі әртістер тұрғындарды екпе салдыруға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі белгілі әртістер тұрғындарды екпе салдыруға шақырды

30.04.2021

Белгілі театр және кино әртістері елді коронавирусқа қарсы екпе салдыруға шақырды. Себебі, әлемде ұжымдық иммунитет қалыптаспай індетті жеңу мүмкін емес дейді.

Гүлнәр Досматова, ҚР Халық әртісі:
Әрине екпе салдыру керек. Өзімізді, жақындарымызды қорғауға тиіспіз. Әлемде ұжымдық иммунитет қалыптаспай бұл індетті жеңе алмаймыз. Қаңқу сөзге ере бермей өз ісінің кәсіби мамандарының айтқандарына құлақ асуға тиіспіз. Бұл бәріміздің азаматтық міндетіміз.
Жан Байжанбаев, актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Мен 20 жылдай болды тыныс жолының созылмалы ауруына шалдыққанмын. Сондықтан коронавирустың маған оңай тимейтінін білемін. Дәрігер де осы вирусқа қарсы вакцина шыққанда бірден салдыруыма кеңес берген еді. Солай істедім де. Бұл жақындарымызды қорғаудың бірден-бір жолы деп білемін.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу