Президент қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

30.04.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Ырыс-ынтымақ пен отаншылдық рух ұлттық кодымыздың ұйытқысы болып отыр. Халқымыздың әділетті әрі дамыған мемлекет құрып, елімізді өркендету жолындағы мүддесі ортақ. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақта татулық пен өзара түсіністік болсын!», - делінген Президент құттықтауында.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та халықты мерекемен құттықтады.

«Бұл күн баршамыз үшін татулық пен келісімнің, патриотизмнің символы болып саналады. Біздің мақсатымыз – қажыр-қайратымыз бен ертеңгі күнге деген сенімнің бастауы болған бірлікті көздің қарашығындай қорғау. Тек татулықтың арқасында ғана басымызға түскен сынақтардан сүрінбей өтеміз», - деп атап өтті Елбасы.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу