Мексикада метро көпірі құлап, кемінде 20 адам қаза тапты. Арасында балалар да бар. 50 шақты жолаушы жараланған. Апат кезінде вагондар мен теміржолдың бір бөлігі көпір астындағы жолға құлап, көліктерді басып қалды. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Апаттың себебі анықталуда. Болжам бойынша, автокөліктің көпір бағанына соғылуы темір конструкцияның опырылуына себеп болған. Бұдан бөлек метрополитен жұмысында да ақаулар бар екені анықталды.
Жансая Қапасқызы