Мексикада метро пойызының биік жолдан құлауына жауаптылардың жазаланатыны қатаң ескертілді. Мұндай мәлімдемені осыдан бірер сағат бұрын мемлекет астанасы – Мехико Ситидің мэрі Клаудиа Шейнбаум жасады.
Айта кетсек, сейсенбі күні бағандары опырылып түскен эстакада пойызымен, вагондарымен бірге қарбалас автожолдың үстіне құлады. Соның салдарынан 24 адам қаза тауып, 80-ге жуығы жараланды. 27-сі қазір госпитальде жатыр.
Он жыл бұрын ғана салынған жолдың неге пойызды көтере алмағаны әзірге белгісіз. Қазір оның құрылымы осал болды деген версия тергеліп жатыр.
Арыстан Рысбек