Қостанай облысында кәсіпкерлерге 18,6 млрд теңге несие берілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында кәсіпкерлерге 18,6 млрд теңге несие берілген

05.05.2021

Елімізде кәсіпкерлікті қолдауға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Мысалы Қостанай облысында 2019 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 6 пайыздық үстемеақымен 18,6 млдр теңге берілген. Бұл қаржы 400 – ге жуық жобаны жүзеге асыруға жұмсалыпты. Ал 2020 жылы оның көлемі 25 млдр теңгеден асқан. Биыл алғашқы тоқсанның өзінде 400-ден астам кәсіпкерге 18 млдр теңгенің сыртында қаржы бөлінді. Осындай мемлекет қолдауымен жұмысын жандандырып отырғандардың бірі - Қостанайдағы металл өңдеу кәсіпорны. Мұнда бір жыл ішінде 600 мың метрден астам профлист, 150 мың шаршы метрден астам металл төбе жапқыш әзірленген. 45 адам тұрақты еңбек етеді.

Александр Баранов, кәсіпорын директоры:
Біз «Даму»  қорымен көптен жұмыс істейміз. Осы қор арқылы берілетін несиенің тиімділігі – үстемеақысының аздығы. Мысалы біз банктен 14 пайызбен несие алсақ, оның 8 пайызыны мемлекет субсидиялайды. Сонда біздің төлейтін үстемеақымыз тек 6 пайыз ғана.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу