Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Кездесуде биылғы 4 айда жүргізілген ақша-кредит саясаты туралы есеп берілді. Пандемия кезіндегі әлемдік экономиканың дамуы, инфляцияның өсімі жайлы болжамдар талқыланды. Ерболат Досаев жылдың бірінші тоқсанындағы алтын валюта қорының ұлғаюы мен Ұлттық қордың активтерін басқару жөнінде мәлімет берді.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады. Аружан Саин талма, орфандық ауруларға шалдыққан балаларды дәрімен қамту жағы шешілмей тұрғанын айтты. Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмысын арттыру жөніндегі жол картасы жайлы мәлімет берді. Оларға көмектесту үшін жергілікті әкімдіктер бөлген қаржының аз екенін жеткізді.
Амангелді Сейітхан