Алматы облысында полиция бөлімінің басшысына қатысты қызметтік тексеру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында полиция бөлімінің басшысына қатысты қызметтік тексеру басталды

05.05.2021

Алматы облысы Ақсу ауданы полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушыға қатысты облыстық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы ішкі қызметтік тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ал лауазымды тұлға өз қателігін түсініп, қызметінен кету туралы баянат жазған. Облыстық полиция департаментінің басшысы ол қызметінен кетсе де тиісті жазадан құтылмайды деп пікір білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, лауазм иесінің қызметкерлерімен дөрекі сөйлеп, балағаттаған сөздері жазылған видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Сондай-ақ ауданның бас полицейі мас күйінде қарамағындағы тәртіп сақшыларымен түнгі уақытта көше кезіп, тұрғындарды қорқытқан.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу