Музыкалық жас көрермен театрының ұжымы екпе салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Музыкалық жас көрермен театрының ұжымы екпе салдырды

06.05.2021

Музыкалық жас көрермен театрының ұжымы екпе салдырды. Ауруға төтеп беретін бірден-бір жолы ол вакцина, дейді актерлер. Былтыр коронавирусқа шалдыққан олар аурудың қайталанбауын тілейді. Сондықтан, қауесет әңгімелерге құлақ түрмей, вакцина алуды шештік, дейді өнер иелері.

Асылхан Төлепов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының актері:
Бірулер видеолар жібереді, оны мен қарамаймын. Өзімнің таңдуым. Біреу мынандай жіберді екен. Біреу жақсы деді, жаман деді деп айтып, біреудің сөзіне қарап шешім шығармаймын. Өзім шешім шығарып келіп тұрмын. Ешқандай себеп болған жоқ. Денсаулық керек, жақындарымыз күтіну керек. Өзімізді де күту керек.
Асхат Маемиров, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының директоры:
Ұлтты, елді мемлекетті сақтаудың бірден-бір жолы вакцина алу. Мен өзім бір жыл бұрын қатты ауырып тұрдым. Сондықтан биылғы жыл екінші рет қайталанбау үшін осылай вакцина екпе салдыртып жатырмын.


музыкалық жас көрермен театры ковид вакцина

Хабарламаларға жазылу