Ақмола облысында кене шағып, дәрігерге жүгінгендер көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында кене шағып, дәрігерге жүгінгендер көбейді

06.05.2021

Ақмола облысында кене шаққан 50 адам медицина мекемелерінің көмегіне жүгінген. Оның 14-і бала. Әсіресе, соңғы аптада шағымданғандар көп, 42 дерек тіркелген. Дәрігерлерге көрінгендердің денсаулығы қалыпты.

Солтүстік Қазақстан облысында да кене шаққан 31 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Олардың көбі 14 жасқа толмаған балалар. Ешқайсынан инфекция анықталған жоқ.


ақмола кене

Хабарламаларға жазылу