Ақтауда сепсис ауруынан 1,5 жастағы нәресте көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда сепсис ауруынан 1,5 жастағы нәресте көз жұмды

08.02.2019

Қатерлі дертпен ауырған кішкентай сәби  жуырда облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түскеен. Ағзасы әбден әлсіреген баланы дәрігерлер тыныс алу аппаратына қосқан, «ем-дом жасалағанымен нәрестені аман алып қалу мүмкін болмады», - дейді мамандар.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Баланың ата-анасы тарапынан шағым түскен жоқ. Негізі, бұл нәресте жергілікті дәрігерлердің бақылауында болатын. Жиі ауырып, ауруханада бірнеше рет емделді. Бұл жолы да біздің мамандар тиісті медициналық көмекті көрсетті. Алайда, асқынған ауруға ем болмады.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу