Елдің азаматтық авиациясы ИКАО тексерісіне әзірлік үстінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдің азаматтық авиациясы ИКАО тексерісіне әзірлік үстінде

06.05.2021

Биыл халықаралық азаматтық авиация ұйымы біздің әуе тасымалы саласына тексеріс жүргізеді. Басты талап – қауіпсіздікті қамтудың ұлттық жоспарын бекітіп, стратегиясын айқындау. Бұл сапалы кадрларға тікелей байланысты. Оқу жүріп жатыр. Сөйтіп авиация қызметін еуропалық агенттіктер талаптарымен теңестіру көзделіп отыр. Сондай-ақ апаттан сақтану үшін тәуекелдерді ерте ескеру керек. Осы ретте ИКАО ІТ технологиясына басымдық берді. Сол үдеден шығуға ел бұрынырақ кіріскен еді. Ұлт жоспарының 68-қадамында азаматтық авиация саласындағы сертификаттау және бақылау сапасын арттыру тапсырылған. Нәтижесінде былтыр талапқа сай емес 8 әуе компаниясы қызметін тоқтатты. Оның ішінде жүк және жолаушылар тасымалы да бар.

Питер Гриффитс, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры:
Бізге ұлт жоспарындағы тапсырмаларды орындауға 2 жыл кетті. Қауіпсіздік жүйесіндегі негізгі түйткілдерді таптық. Бұл ұжымның біліктілігін көтеру еді. Жалпы бағдарламаны толық орындап шығуға 5 жыл мерзім керек. Қазір біз ИКАО талаптары бойынша кей Еуропа мемлекеттерінен кем түспейміз. Көрсеткіш 74 пайыз. Алайда, Сингапур, Ұлыбритания және Канаданың межесіне жету мұраты тұр. Олардың көрсеткіші 10 пайызға жоғары.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу