Ел нарығында ресми такси қызметінің үлесі небары 5%, ал қалған 95% көлеңкелі нарықта жатыр. Такси қызметі қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, саланы реттейтін мемлекеттік жүйе жоқ, нарыққа кіру талабы әділ іске аспайды, бақылау жеткіліксіз. Қауымдастық өкілі такси қызметінің сандық жүйесін заңды тұлға ретінде тіркеуді ұсынды. Қазақстанда такси жүргізушілері күніне 500 мыңға жуық сапар жасайды. Нарықтағы қаражат 120 млрд теңгеден асады.
Ақерке Бектас