Риддердегі өрттен зардап шеккендерді баспанамен қамту мәселесін Президент бақылауына алды. Қазір Үкімет пен Шығыс Қазақстанның әкімдігі тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.