Соңғы қоңырау дәстүрлі түрде өтеді. Бірақ, бұл үшінші тоқсаннан бері мектепте оқып жатқан 9 және 11 сынып түлектеріне ғана қатысты. Баласымен еріп келетін ата-ана саны бір адамнан аспауы тиіс. Сондай-ақ оқушылары 300-ден аспайтын және бүгінге дейін жұмыс істеп тұрған білім ошақтарына да таза ауада өткізуге рұқсат. Сала министрі білім ұйымдарының басшыларына шараны санитарлық талапты сақтай отырып ұйымдастыруды тапсырды. Ал қашықтан оқытатын мектептерде соңғы қоңырау онлайн өтеді. Оқу жылының аяқталуына байланысты педагогтарға сыйлық алуға тыйым салынды.
Нысаналы Ығыл