Үндістанда 20 күн қатарынан КВИ жұқтырғандар саны 300 мыңнан азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда 20 күн қатарынан КВИ жұқтырғандар саны 300 мыңнан азаймай тұр

11.05.2021

Үндістанда 20 күн бойы коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан азаймай тұр. Өткен күні індеттен 3800-ден астам адам көз жұмды. Халық инфекцияға қарсы «Ремдисивир» препаратын таппай, дәріханаларда ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Ал кеше Уттар-Прадеш штатында Ганг өзенінің жағалауына шығып қалған 100 шақты адам денесі табылды. Болжам бойынша, олар «ковидпен» ауырған науқастар болуы мүмкін. Мәйітханаларда аты-жөні белгісіз қайтыс болғандар саны көбейіп келеді.Үндістандағы жағдайға байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алаңдаушылық білдіріп отыр. Зерттеулерге қарағанда, мұнда анықталған «ковид» штаммы жылдам таралатындықтан, аса қауіпті.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу