Қазақстанда ауыл шаруашылығына несие беру 11%-ке қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ауыл шаруашылығына несие беру 11%-ке қысқарды

11.05.2021

Қазақстанда ауыл шаруашылығына несие беру 11%-ке қысқарды. Ұлттық банк өкілдерінің хабарлауынша, биыл банктер бұл салаға 225 млрд теңгеден аса кредит берген. Былтырмен салыстырғанда ауыл шаруашылығын несиелеу 28 млрд теңгеге азайған. Шаруашылықпен айналысу үшін әсіресе Алматы тұрғындары несие алған – 71 млрд теңгеден асады. Дегенмен қарыз алғандар өткен жылға қарағанда 41 пайызға қысқарған. Қостанайда керісінше шаруасын дөңгелету үшін халық 28 млрд теңгеге кредит рәсімдеді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу