Қазан қаласындағы мектепте болған қайғылы оқиға біздегі антитеррористік қауіпсіздік талаптарын қайта қарау қажеттігін көрсетті. Осылай деген Мәжіліс депутаты Андрей Линник осыдан 6 жыл бұрынғы Үкіметтің қаулысын меңзеп отыр. Онда 3 мың адамға шақталған білім беру нысандары міндетті түрде бейнебақылау жүйесімен қамтылуы керек делінген. Бірақ, көрші елдегі жағдайды бағамдаса бұл аздық етеді. Сондықтан мектептер шұғыл хабар беру және дабыл қондырғыларымен, металл іздеу құралымен жарақталуы тиіс. Сосын ғимаратты арнайы оқудан өткен, машықтанған күзет қызметі жүргізуі керек. Оның үстіне қоғамдық орындарды күзететіндерге қару беріп, тек мүлікті емес, адамды қорғауына да жағдай жасау қажет. Депутат Премьер-Министрге осылай деп сауал жолдады.
Нысаналы Ығыл