Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-Министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-Министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті

12.05.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-Министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Мемлекет басшысы жапон халқын Токиода өтетін Жазғы олимпиада ойындарымен құттықтап, жылы лебіз білдірді. Спорттық доданы бүкіл адамзаттың коронавирусқа қарсы зор жеңісінің бейнесі деп атады. Сондай-ақ, Президент Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткен жапон Үкіметіне алғыс білдірді. Еліміз пандемия салдарын еңсеру бойынша белсенді шаралар қабылдап, отандық QazVac екпесін пайдалана отырып, халықтың жаппай вакцинациядан өтетінін атап өтті. Тараптар Қазақстан-Жапония қарым-қатынасының жай-күйі мен даму жоспарын талқылады. Жапония Қазақстанның Азиядағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі және ірі инвесторлардың ондығына кіреді. Бүгінде жапон капиталының қатысуымен 50-ден астам компания табысты жұмыс істеп жатыр.


Хабарламаларға жазылу