Көмірмен жанатын пештен шыққан газға уланған тұрғындардың жедел жәрдем шақыруға ғана шамасы жеткен. Оқиға таңға жуық Шөлдала алқабындағы тұрғын үйлердің бірінде болды.
Жедел жәрдем жеткенше естен танып қалған ерлі-зайыптылардың есікті ашуға қауқары жетпеген. Шақыртуға жол-патрульдік полиция қызметкерлері де жетіп, үй иелерін терезе арқылы алып шыққан. Иістен уланған екі тұрғын ауруханаға жеткізіліп, медициналық жәрдем көрсетілуде.
Дәмір Нысанов, полиция инспекторы:
- Терезе арқылы үйдің ішіне кіріп, аталған екі азаматты дереу далаға алып шығардық, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сөйтіп жедел жәрдем қызметкерлеріне салып жібердік. Қазіргі таңда екі азамат та аман-есен.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.