Әлеуметтік кәсіпкерлерге салық жеңілдігі жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік кәсіпкерлерге салық жеңілдігі жасалады

12.05.2021

Әлеуметтік кәсіпкерлерге салық жеңілдігін қарастыратын заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенатқа жолдады.  Өзгеріс енгізілген құжатта мұндай кәсіп иелеріне мүлік салығы базасына 0,5 пайызбен есептелетіні жазылған. Сонымен бірге әлеуметтік кәсіпорындардың тізімі жасалады. Оған кіру үшін жұмыс берушінің қарамағындағы қызметкерлерінің 50 пайызы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған адамдар, зейнет жасындағылар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған адамдар болуы шарт.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу