Алматыда 3 мыңға жуық адам «Qazvaс» вакцинасын салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 3 мыңға жуық адам «Qazvaс» вакцинасын салдырды

13.05.2021

Алматыда қазақстандық «QazVaс» вакцинасын екі апта ішінде 3 мыңға жуық адам салдырған. Жалпы, 1 ақпаннан бері 300 мыңнан астам тұрғын екпе қабылдады. Олардың 10 пайызы 60 жастан асқандар, дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Сондай-ақ, қалаға «Sinopharm» екпесінің 15 мың дозасы жеткізілген. Оның алғашқы компонентін мың жарым тұрғын қабылдады.

Соңғы тәулікте мегаполисте 597 адам вирус жұқтырған. Олардың жартысынан астамы ауруханаларға жатқызылса, 365 адам емделіп шықты. Яғни, инфекциялық стационарларда орын жеткілікті. 6 мыңнан астам төсек-орынның 3 мыңға жуығы бос.

алматы ковид

Хабарламаларға жазылу