Жамбыл облысындағы мектептерде қауіпсіздік күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы мектептерде қауіпсіздік күшейтіледі

13.05.2021

Білім ошақтарында қауіпсіздік күшейтілуі тиіс. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жауаптыларға бірқатар міндеттер жүктеді. Қазандағы қайғылы жағдай қайталанбас үшін аймақтағы барлық мектептің күзетін күшейтіп, қауіпсіздіктің қаншалықты сақталғанын қадағалау қажет. Тіпті, арнайы оқу жаттығу өткізу де артық етпейді, деді облыс әкімі. Сондай-ақ, ата-аналармен тығыз жұмыс істеу керектігі айтылды.

Сәбит Әлдебай

тараз бердібек сапарбаев

Хабарламаларға жазылу