Таиланд түрмелерінде 4800-ден астам адамнан инфекция анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиланд түрмелерінде 4800-ден астам адамнан инфекция анықталған

13.05.2021

Әлем бойынша күн сайын тіркелетін коронавирус жұқтырған науқастардың 50 пайызы Үндістанға тиесілі. Ал індеттің үндістандық варианты Оңтүстік және Солтүстік Американың 6 елінен табылды. Ол жылдам таралады, сондықтан қауіпті. Еуроодақ ұйымға мүше 27 мемлекетті Үндістанмен арадағы маңызды емес сапарларды доғаруға шақырды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мутацияланған штамның таралуын «алаңдатарлық жағдай» деп отыр. Соңғы мәлімет бойынша Үндістанда 250 мыңдай адам көз жұмды, вирусты жұқтырғандар саны 23 миллионнан асты. Мұнда пандемияның екінші толқыны ақпанда басталған. Қазір крематорийлер мен мәйітханалар қайтыс болғандарды қабылдап үлгере алмай жатыр.

Ал Таиланд түрмелерінде ковид жұқтыру оқиғалары күрт көбейді. Кеше елде 4800-ден астам адамнан инфекция анықталған. Олардың 2800-дейі сотталушылар. Абақтыларда адам саны көп болғандықтан, медициналық көмек дер кезінде көрсетілмей жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу