10-ға жуық әйел «QazVac»-ты салдырған соң бала көтерді - Күнсұлу Закарья - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10-ға жуық әйел «QazVac»-ты салдырған соң бала көтерді - Күнсұлу Закарья

13.05.2021

Сәби сүйе алмай жүргендер «QazVac»-ты салдырған соң бала көтерді. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше Алматы мен Тараз қалаларында жүргізілген үшінші фазаға ұзақ жыл сәби сүйе алмаған еріктілер де қатысқан. Кейін вакцина салдырған соң 10-ға жуық әйелдің аяғы ауыр болған. Ал жалпы жүктілікті жоспарлағандар екпені 2 ай бұрын салдырғаны жөн, дейді ғалым.

Күнсұлу Закарья, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:
Ұзақ уақыт бір келіншек бала көтере алмаған. Ол мүмкін вакцинадан болар, мүмкін басқа себеп. Дегенмен де факт. Олар клиникалық зерттеулерден шығарылды.  Оларды ары қарай зерттеуге болмайды неге десеңіз жүкті әйелдер клиникалық зерттеуге қатыспайды.

Ғалым екпеден соң аяқ-қолым жансызданып қалды деп шағымданған алматылық тұрғынның жағдайына қатысты пікір білдірді. Бұл екпеден емес, осыған дейінгі созылмалы аурулардың салдарынан болуы мүмкін дейді мамандар. 77-жастағы тұрғын екпені 5 мамыр күні салдырған. Жарты сағат ішінде бәрі жақсы болған. Кейін аяқ-қолы ұйып қала берген. Ғалымдар вакцина салдырған 50 жастан асқан еріктілер арасында мұндай әсер байқалмады деп отыр.

Күнсұлу Закарья, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:
Аяқтың ісуі және аяқтың сынуы ол вакцинаға байланысты емес. Бұл жерде зерттеудің де қажеті жоқ. Бұл жерде алдындағы анамнезді толық қарау керек. Мүмкін себептер басқа жерде болар, созылмалы ауруларда.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу