Елімізде баспана бағасы тұрақталып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде баспана бағасы тұрақталып келеді

13.05.2021

Оның құны өткен айлармен салыстырғанда өсуін азайтқан. Мәселен Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша сәуірде шаршы метр 1,7 пайызға қымбаттаған. Наурызда баға 2 процентке көтерілген еді. Қолданыста болған пәтерлердің орташа бағасы шаршы метр үшін қазір 261 мың теңге. Ал жаңа үйлердің бағасы 0,8 пайызға өсті. Бұл қаңтар, ақпан айларына қарағанда әлдеқайда аз. Бұған дейін Отбасы банк өкілдері мамыр, маусым айларында баспана бағасы тұрақталатынын айтқан еді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу