Елбасы Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

14.05.2021

Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңес хатшысы Әсет Исекешев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Әңгіме алдағы уақытта өтеді деп жоспарланған Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы туралы өрбіді.

Сондай-ақ қаржы мәселелері, қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жайы да пысықталды. Өз кезегінде Қорғаныс министрі Қарулы Күштер мен әскери құралымдарды дамытудың жаңа тұжырымдамасы жобасындағы негізгі бағыттар туралы ақпарат берді.

Мұнан бөлек Елбасы қабылдауында болған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бас қаланың дамуы жөнінде хабардар етті. Шаһарды газдандыру, тұрғын-үй мен әлеуметтік-мәдени нысандар салу мәселелері сөз болды. Әкімнің айтуынша, қолжетімді тұрғын-үй құрылысы жыл сайын қарқын алып келеді. Биыл шамамен 10 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, 42 мың оқушыға арналған 16 мектеп бой көтереді деген жоспар бар. 

Хабарламаларға жазылу