Қарағандыда әскерге шақыртылған сарбаз өзін атып, қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда әскерге шақыртылған сарбаз өзін атып, қайтыс болды

21.02.2019

Қарағандыдағы 6505 әскери бөлімінде 18 жастағы сарбаз қайтыс болды. Әскерилер оны «өзі атылып өлді», деп отыр. Әліби Сапа өткен жылдың желтоқсан айында Алматы облысының Талғар ауданынан әскер қатарына шақырылған. Қарағандыдағы бөлімге қаңтардың 12-сі түскен. Сол күні Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге ант қабылдаған. Бір ай өтер-өтпестен туғандарына оның қазасы туралы қаралы хабар жетіп отыр.

Оқиға АК 1597 түзеу мекемесінде мұнара ішінде болған. Сарбаздың денесі кеше таңғы 7:40-та табылыпты. Әліби қайтыс болардан бірер күн бұрын үйіне хабарласып, әскери өмірдің ұнағанын айтқан. Қазір сарбаздың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Мақсұт Жүсіпбеков, 6505 әскери бөлімі командирінің міндетін атқарушы:

- Посттық ведомостқа сәйкес ол таңғы сағат 8:00 шамасында 9-шы күзет орынында өзінің жауынгерлік міндетін атқарған болатын. Сол сағат 8:00 шамасында өзінің қаруымен иегінен атып, мерт болды. Болған жайт бойынша қазір тергеу органдарымен тексеріс жүргізіліп жатыр. Арнайы әскери прокуратурасынан, тергеу органдарынан топ құрылды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу