Автонесиелеу бағдарламасына тағы 150 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автонесиелеу бағдарламасына тағы 150 млрд теңге бөлінеді

14.05.2021

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына тағы 150 миллиард теңге бөлінбек. Машина жасау саласын жаңғыртуға арналған жоба мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылып отыр. Әрі жыл сайын бөлінетін қаржы көлемі артып отырмақ. Мәселен биыл 20 миллиард, 2022-де 30, ал 2025 жылы 45 миллиард теңге қарастырылған. Бағдарламаны іске асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Несиелеу жақында басталуы тиіс. Әзірге қазақстандықтар көлікті 4 пайызбен алу үшін кезекке тұра алады. Оны онлайн да жүзеге асыруға болады.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу