Алматы облысының Жаркент қаласында пошта бөлімшесі тоналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Жаркент қаласында пошта бөлімшесі тоналды

25.02.2019

Ресми емес мәліметтер бойынша, 300 млн теңгеге жуық қаржы қолды болған. Алматы облыстық Полиция департаменті оқиғаны растады. Қазіргі таңда қылмысқа қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаны департамент басшылығы өз қадағалауына алған

Серік Үпиев, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі:

- Қазіргі уақытта қылмысты ашуға бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр. Қылмысты ашуға жедел іздестіру тобы құрылды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу