Петропавлда биотоғаннан тараған күкіртсутегі ауаны ластап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда биотоғаннан тараған күкіртсутегі ауаны ластап жатыр

18.05.2021

Петропавлда биотоғаннан тараған күкіртсутегі ауаны ластап жатыр. Кеше түнде мамандар улы заттың нормадан 13 есе көбейіп кеткенін тіркеді. Мұндай мөлшердегі күкіртсутегі адамның денсаулығына кері әсер етеді. Сондықтан дауылды ескерту жариялауы тиіс еді. 

Оксана Гордиенко, «Қазгидромет» филиалының зертхана меңгерушісі:
Ауаның ластануы алдын ала болжанса, дауылды ескерту жарияланады. Күкіртсутегінің жоғары мөлшері кеше, жұмыстан тыс уақытта тіркеліп, бірер сағаттан соң түсті. Сондықтан қала халқына хабарлама жолданған жоқ.

Мониторинг жүргізген казгидромет мамандары ауадағы күкіртсутегінің мөлшері бүгін төмендегенін айтты. Алайда қаланың кейбір аудандарында қолқаны қабатын иіс әлі шығып тұр. Мәселені шешу үшін биотоғанды тазалау керек. 

Мария Вичко, қала тұрғыны:
Кешегі жағымсыз иісті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Аспанның өзі сарғыш тартты. Терезені жауып алып, үйде отыруға тура келді. Бүгін жаңбырдан соң иістің кететініне үміттенгем. Бірақ ауа тазармады.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу