Елімізде шалғай елдімекен тұрғынадары да екпе алып жатыр. Мобильді топтар қазір ауыл аймақтарда егу жұмыстарын белсенді жүргізуде. Мысалы Қарағанды облысына қарасты Шет ауданында 2 мың адам вакцина салдырған. Тілшіміз Руслан Нұрланұлы сол өңірден.
Айбарша Уатханқызы мектепте қызмет істейді. Әріпестері және балалармен тікелей байланыста болғандықтан, сақтық үшін ерікті түрде екпе алды.
Айбарша Уатханқызы, Нұраталды ауылының тұрғыны:
21 күннен кейін 2-шісін алуға келіп отырмын. Ешқандай реакция болған жоқ. Өзімнің және отбасымның, туыстарымның денсаулығы үшін алып отырмын. Сендер барыңдар деп ешкімге айтылмады. Өзіміз жауапкершілік алып келдік.
Шет ауданында халықты жаппай егу жұмыстары мамыр айында басталған. Тұрғындар көңілі қалаған вакцина түрін алады. О баста Спутник V мен QazVac вакциналары салынса, қазір Қытай мен Араб Әмірлігі бірігіп жасаған препарат та әкелінген.
Алпыс Аманжолов, Шет ауданы орталық ауруханасының директоры:
Біздің ауданда 2 ауруханада вакцина орталығы бар. Бірі Ақсу-Аюлы орталық ауруханасы, екіншісі Ақадыр кентінде. Бүгінгі күні 2 мың вакцина жеткізілген. Бүгінде 2 мың адам вакцина алды. Оның ішінде екі компонент алғандар екі жүзден астыВакцина алған халықтың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, ешқандай кері әсері болған жоқ.
Жалпы облыс бойынша барлық 9 қала мен 9 ауданда екпе кабиеттері бар. Олардың жалпы саны-115. Шалғай елді мекендерді, көпшілік қоғамдық орындарды жылжымалы вакциналау пунктері аралап жүр. Мобильді топтардың әрқайсы бір күнде 35-50 адамға дейін екпе салады. Өңірдегі 144 мыңнан астам адам екпенің бірінші, ал 70 мың тұрғын екі компонентін де алып үлгерген.
Руслан Нұрланұлы