Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Өңірдегі энергетика, машина жасау, металлургия өнеркәсібісалаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуы барысымен танысты. Екібастұз қаласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу жайы да таныстырылды. Өңдеу өнеркәсібінің үлесін төрт есеге дейін арттыру көзделген. Яғни, қала экономикасының отын-энергетика кешені мен тау-кен өндірісі саласына тәуелділігі азаяды. Қазақстанның металлургия өнеркәсібіндегі ірі жобалардың бірі ферроқорытпа зауытын салу. Жоба 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған. Оған 55 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Кәсіпорын 800 тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Үкімет басшысы темір жол дөңгелектері мен темір-бетон шпалдарын өндіретін кәсіпорындарға да барды. Олар өнімін сыртқы нарыққа экспорттауға дайын.
Иван Дычко, «R.W.S.WHEELSET» ЖШС өндіріс жөніндегі директорының орынбасары:
Бұл мұндай жобаларға үлкен үміт артып отырмыз. Өндіріс жағынан біз толықтай дайынбыз. Бізде биыл экспортталуға 14 мыңнан астам доңғалақ жұбы мен 15 мыңнан астам осьтер өндірілген. Біз әрі қарай да жаңа тапсырыс алуға толық мүмкіндігіміз бар.
Еділ Копенов, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС бас директоры:
Бірінші энергоблок 2012-ші жылы басталған. Құны 110 млрд теңге. Қазіргі кезде 48 пайызға жұмыстары орнатылған. Үлкен жабдықтары алып келінген.
Ламбриан Топузидис