Солтүстік Қазақстан облысында тағы да құтырма ауруының бірнеше ошағы тіркелді. Инфекцияның таралуының алдын-алу мақсатында 6 елді мекенде шектеу шаралары енгізілді.
Соңғы жағдай Шал ақын ауданының Жалтыр ауылында болған. Иттің өлексесінен алынған сараптама оның құтырмаға шалдыққанын көрсетті. Иелеріне екпе салынып, медициналық бақылауға алынды. Ветеринар мамандардың айтуынша, тағы да үш ауылда шектеу шараларын енгізу үшін тиісті құжаттар әзірленуде. Ресми мәліметке сүйенсек, өңір бойынша 6 сиыр, 2 ит пен мысықтан құтырма анықталды.
Қайырлы Қазанов, Ветеринария басқармасының бөлімінің жетекшісі:
Олардың бәрі есепке алынды да, вакцина бөлініп,сол вакцина егу жұмыстары жасалады, уақытында. Қазіргі таңда қорада, аулада бәріне дезинфекция жасалынды. Ет, сүт және тағы да малдан алатын өнімдерді уақытша бұл ауылдан шығаруға болмайды.
Эльмира Кәленова