Семейдегі білім мекемелерінде қауіпсіздік күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі білім мекемелерінде қауіпсіздік күшейтілді

19.05.2021

Семейдегі білім ошақтарында қауіпсіздік күшейтілді. Шаһардағы мектептер мен балабақшалар енді толықтай қалалық полиция басқармасының орталық жедел басқару жүйесіне қосылады. Қазірдің өзінде Семейде 53 орта мектеп болса, солардың 95 пайызындағы бейнебақылау камералары орталықтан басқарылады. Балабақшалар да біртіндеп осы жүйеге өте бастаған. «Бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқару органдарымен бірлесе қолға алған шара», - дейді құқық қорғаушылар.  

Шалқар Құнанбаев, қалалық ПБ бастығы:
Жаңағы 47 мектепте орналасқан, 1587 видеокамераның әрқайсына қосылып. Ол ғимараттардың ішін, сыртын бақылауға мүмкіндігіміз бар. Қалған 6 мектеппен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу