Вакцинадан кейін қайтыс болғандар: Министрлік 2 адамның неден көз жұмғанын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцинадан кейін қайтыс болғандар: Министрлік 2 адамның неден көз жұмғанын айтты

19.05.2021

Екпе салдырған 4 адамның өліміне қатысты бүгін денсаулық сақтау министрлігінің мамандары түсініктеме берді. Олардың сөзінше, өлім екпеден болмаған. Арнайы комиссияның шешімі де бар. Баспасөз брифингін тыңдаған Раушан Сайлауқызы толығырақ.

Раушан Сайлауқызы, тілші: 
Жалпы екпе салдырған 2 млн адамның 4 пайызы созылмалы аурумен есепте тұрғандар. Олар үшін вирустың аса қауіпті екені бұған дейін де айтылып келе жатыр. Сондай-ақ 65тен жастан асқан 250 мыңнан астам адам екпе салдырған. Олардың жағдайы бірқалыпты дейді мамандар. Ал елде тіркелген қайғылы төрт жағдай екпеден бе жоқ па деген сауалға министрлік былай жауап берді.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
Екпенің салдарынан қайтыс болды деген 4 жағдай тіркелен еді. Бірақ бұлай кесіп айтуға болмайды. Алматыдағы жағдай бойынша перзентханада істейтін біздің әріптесіміз, науқас жүрек ауруымен есепте тұрған, дәрігерге уақтылы қаралмаған, қысымға қарсы дәрі ішпеген. Негізігі себеп жүрек талмасы ауруы екенін комиссия қортындысы растады. Екіншісі ер адам. Ол кісінің қан қысымы, жүрек ауруы болған. Әлі комиссия қортындысы шыққан жоқ. Ақтөбедегеі жағдай бойынша ишемиялық инсульттен болғаны анықталды. Ал төртінші адам екпенің 12-ші күнінде тіркелген. Бұл іс әлі қаралуда.
Раушан Сайлауқызы, тілші: 
Екпе алып, вирус жұқтырғандар да жоқ емес. Алғашқы компоненттен соң 541, ал екінші компоненттен соң 104 адам ауырған. Бірақ бұл жалпы статистикамен салыстырғанда өте төмен көрсеткіш. Қазір екпенің екі компонентін салдырғандар саны 800 мыңнан асты.
Марат Шоранов, ҚР  Денсаулық сақтау біріншівице-министрі:
Сәуірде тәулігіне 100 мың адам салдырса, қазір бұл көрсеткіш 30-60 мыңға түсіп кетті. Біздің бірінші міндетіміз – халықты екпемен қамту. Екпелеу жұмыстсарының баялауына мамырдағы мереке күндері әсер етті деп ойлаймыз. Десе еде халық саналы түрде түсініп, вакцинациялау шараларына белсенді түрде қатысады деген сенімдеміз.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Елде үш түрлі екпенің 800 мыңнан астам дозасы бар. Қазір QazVac  екпесінің 50 мың дозасы ай сайын өндірілуде. Жамбылдағы зауыт салынған соң оның көлемі артпақ. Ал екпе салдырғандардың элекронды паспорты шетелдік сапарға жарамды ма деген сауалға министрлік әлі белгісіз деп жауап берді. Сондай-ақ былтырдан бері коронавирустан қайтыс болғандардың көрсеткіші қайта қаралып, статистика өзгерді. Тізім тағы мың жарымға көбейді. Ал елдегі эпидахуал оңала бастады. Десе де вирусты екінші рет жұқтырғандар тіркеліп жатр. Бүгінде мұндай дерек саны 600-ге жуықтады.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу