СҚО-да құтырма ауруының 9 ошағы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да құтырма ауруының 9 ошағы тіркелді

19.05.2021

Солтүстік Қазақстан облысында құтырма ауруының 9 ошағы тіркелді. 6 аудандағы 6 елдімекенге шектеу енгізілді. Таяуда тағы үш ауыл карантинге жабылады. Ірі-қараға вакцина салына бастады. Ресми мәліметке сүйенсек, әзірге тек 6 сиырдан ауру анықталған. Бірақ құтырма жұқтырған мал саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Көпшілік құтырманың үй жануарларына түлкілерден жұққанына шүбә келтірмейді. Өйткені Қызылжар ауданына қарасты Новокаменка ауылы орманның ортасында орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, қыста қалың қардың кесірінен азық тауып жей алмаған жабайы аңдар ауыл маңын торуылдапты. Қарашаш Есетова алдымен көршісінің иті ауырғанын айтады.

Ауылда бірнеше ит осылай ауырып өліпті. Алайда біреуінен ғана сараптама алынып, құтырма расталған.

Ербол Багенов, Қызылжар аудандық ветеринарлық станция директоры:
Барлығы 3 ит деп айтылды, бірақ ол иттерді хозяиндар өздері атып, өздері көміп тастаған. Бізге хабар бермеген. Хабар берген кісінікін біз өзіміз келіп, тексердік. 69 ит осы ауылда ғана, қаңғыбас иттердің біз жаңағы көзін жойдық.

Көршілес Арқан ауылында да үй жаунарларының құтырмаға шалдыққан. Қызылжар ауданы бойынша 700ден астам қаңғыбас ит ұсталды. Төрт түлік әзірге аман. Ауру тіркелген елдімекендердегі 53 мыңдай ірі қараға вакцина салынбақ.

Эльмира Кәленова, тілші:
Новокаменка тұрғындарының барлығы мал өсіреді. Жақын күндері ауылда шектеу шаралары енгізілмек. Жағдай тұрақталғанша елді мекеннен ет-сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынады.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу