Құпия хаттарды таситын қызметкерлердің мәртебесі бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құпия хаттарды таситын қызметкерлердің мәртебесі бекітілді

19.05.2021

Мәжіліс фельдъегерлік қызметтің құқықтық мәртебесін бекіту туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл мемлекеттік органдардың аса маңызды әрі құпия хаттарын тасу, арнаулы пошталарды ТМД-ға мүше елдерге жеткізетін құрылым. Қызметі Премьер-Министрдің кеңсесімен реттеледі. Бірақ, ішкі істер органында тіркелген. Сондықтан олар қарумен, формамен және арнайы құралдармен қамтылған. Тек, қылмыс ашып, тергеу жүргізбейді. Сонымен қатар құжатта олардың құқықтары мен міндеттерін айқындап, әлеуметтік кепілдіктерін көздейтін нормалар бар. Ішкі істер министрі ілеспе заң жобасында дактилоскопиялық тіркеу мерзімін 2023 жылға созу қарастырылғанын айтты. Негізі азаматтардан саусақ іздерін алу биылға жоспарланған. Алайда, қажет 26 млрд теңгенің тек 11 млрды ғана бөлінген. Сондықтан кейінге ығыстыруға тура келіп тұр,-деді министр.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу