Несие алаяқтарымен күресті күшейту керек - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несие алаяқтарымен күресті күшейту керек - депутат

19.05.2021

Өзгенің жеке мәліметтері арқылы несие рәсімдейтін алаяқтармен күресті күшейту қажет. Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтерді. Мұндай келеңсіз жайттарға тап болған отандастарымыздың саны күн санап артып келеді. Оның соңы күйзеліске, отбасылық шығынға әкеп соқтырады. Жәбірленушілер алмаған қарызын өтеуге мәжбүр. Тергеу созылып кетеді. Кейбір азаматтардың заң шеңберінде кеңес алуға да мүмкіндігі жоқ.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу