Ресейде коронавирустың үнді штамы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирустың үнді штамы тіркелді

20.05.2021

Үндістандағы індет Ресейге де жетті, көрші елде «Қара зең» инфекциясы тіркелді. Яғни мукормикоз деп аталатын инфекция мұрынға, көзге және тыныс алу жүйесіне әсер етеді. Бұл әсіресе, иммунитеті төмен адамдар үшін қауіпті. Инфекция ауа температурасы жоғары, ылғалды өңірлерде тез тарайды. Мукормикоздан айығу үшін ұзақ ем-дом қабылдау қажет. Ал Ресейде оқитын үш шетелдік студенттен коронавирустың үнді штамы анықталды. Дүниежүзілікден саулық сақтау ұйымы бұл штамды ең қауіпті инфекциялардың қатарына жатқызған.

Геннадий Онищенко, дәрігер-эпидемиолог:
Жаңа штамның екпеден соң қалыптасқан иммунитетті «айналып өтетіні » туралы әзірге ешкім нақты айта алмайды. Вирусты зерттей келе оның тұмау сияқты қатты мутацияға ұшырамайтынын атап өткім келеді. Адамдар арасында тез таралатыны ғана алаңдатады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу