КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Екінші компонентін де алған 91 жастағы жезтаңдай әнші өзін жақсы сезінетін айтты.
Бибігүл Төлегенова, КСРО және Қазақстанның халық әртісі:
Бізде қазір жағдай өте қиын, сондықтан қазір баршаларымыз жұмыла отырып вакцина алуымыз керек. Мен 14 мамырда 2-компонентін алдым, ешбір жерім ауырған жоқ. Ауруды сезген де жоқпын.