Батыс Қазақстанда вакцина жеткілікті. Бұған дейін әлеуметтік желіде екпенің екінші компоненті тапшы деген жазбалар тарады. Облыстың бас дәрігері мұны теріске шығарып, Спутник V уақтылы жеткізілгенін мәлімдеді. Қазір препараттың екінші компонентін 21 күннен 90 күн аралығында алуға болады. Өңір бойынша барлығы 65 мыңға жуық адам екпе салдырған. Нәтижесінде короновирус жұқтыру деңгейі 8 пайызға түскен.
Арман Қалибеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Осы уақытқа дейін облысымызға вакцинаның 139 мыңдайы дозасы келіп түсті. Сонымен қатар, Ресейлік және отандық вакциналардан басқа, облысымызға Біріккен Араб әмірліктерінде өндірілген 45 000 доза Hayat-Vax араб вакцинасы жеткізілді.
Ардақ Мұратқызы