Алматыда билеті бар 50 адам ұшаққа отырғызылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда билеті бар 50 адам ұшаққа отырғызылмады

21.05.2021

Елорда әуежайынан «Ashyq» қосымшасы «қызыл» мәртебе деп анықтаған 50 жолаушы жолдан қалды. Оларға билеттің құны қайтарылады,-дейді жауаптылар. Ал, кеше Ashyq-тағы мәртебесін көрсеткісі келмей, төбелес шығарған азаматты әуежай сотқа бермек. Ол кіруге болмайтын есіктен өткісі келіп, рұқсат бермеген әуежай қызметкеріне қарсы шыққан. Айта кетейік, кеше ел бойынша «Ashyq» қосымшасы істемей қалған. Цифрлық даму министрлігі мобильді қосымша жүктемеге төтеп бере алмағанын айтты. Өйткені, оны қолданушылар саны 1 жарым миллионнан асқан.

Хасанғали Ғаппаров, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ төрағасының орынбасары:
Бір күнде мысалы 10 мың болса, келесі күні 20 мың емес 100 мыңға дейін үлкен масштабта келіп жатыр.

Жүктемені азайту үшін қазір осы жүйемен істейтін «Айту» атты тағы бір бағдарлама іске қосылған. Ал, «Ashyq» қосымшасы бүгінге дейін 4 мың 300 адамның «қызыл» және «сары» мәртебесін анықтаған. Олар вирус жұқтырғанын біле тұра ұшып кетуге және каферлерге кіруге ниеттенгендер. Жақында қосымшаға вакцина алған азаматтар туралы ақпарат енгізіледі.

Айта кетейік, егер техникалық себеппен қосымша істемей қалса, оған қарамай азаматтар әуежайға кіргізіле береді.

Амангелді Сейітхан

Ashyq

Хабарламаларға жазылу