Михаил Гусман: Президент пандемия сынағына төтеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Михаил Гусман: Президент пандемия сынағына төтеп берді

21.05.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ел пандемия сынағынан сүрінбей өтті. «ТАСС» ақпарат агенттігі Бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман «Эхо Москвы» радиосына берген сұхбатында осылай деді. 2019 жылы Президент сайлауы өтіп, одан кейінгі жыл жаппай коронавирус індеті дендеп Қазақстанға қиын соқты. Бірақ, ерлікпен төтеп бергенін мойындау керек,-дейді Михаил Гусман. Пандемия жекелеген мемлекеттер болмаса, басқа елдерде әлі өршіп тұр. Қазақстанда да адамдар қауіпті вирустан көз жұмуда. Яғни, Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаудан соң және бүгінде үлкен жауапкершілік жүгі артылды. Ал, ол бар күшін инфекциямен күреске жұмылдырып, жақсы көрсеткіштерге жетті.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу