Павлодар полициясы Абайдың ескерткішін қорлаған бұзақыны ұстады. Облыс әкімшілігінің алдында тұрған ескерткішке 21 жастағы жігіт жұмыртқа атқылап, дәретхана қағазын жайып кеткен. Тұрғындар бұл көріністі бейнетаспаға түсіріп әлеуметтік желіде таратты. Қоғамдық орында мас күйінде болғанын мойындаған күдікті енді айыппұл төлейді.Ал, ескерткішті ластаған әрекеті үшін 10 тәулік мерзімге тар қапасқа қамалуы мүмкін.
Болат Аманбаев