Атырауда есірткі заттарын оқушыларға саудалаған мектеп қызметкері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда есірткі заттарын оқушыларға саудалаған мектеп қызметкері ұсталды

06.03.2019

Өрескел заң бұзушылық облыстық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы  мамандары жүргізген тексеріс кезінде белгілі болды. Анығырақ айтсақ, қаладағы білім ошақтарының біріндегі жылыту қазандығында еңбек ететін азамат, жұмыс орнында есірткі заттарын сақтап және оны таратып келген. Бұған қоса, шаһардағы мейрамханаларды тексеру барысында құрамында психотроптық заттары бар дәрілік препараттарды өзімен бірге сақтаған тұрғын құрықталды.

Назымгүл Қайсағалиева, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- 71 препаратты сақтаған әйел азаматша да құрықталды. Ол қаладағы мейрамханалардың бірінде полицияның қолына түсті. Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты тиісінше шаралар алу үшін фармацевтикалық бақылау басқармасына ақпараттар жинақталып, сол жерге жіберілді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу