Президент тұрғын үйлердің сапасын тексеруге тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент тұрғын үйлердің сапасын тексеруге тапсырма берді

24.05.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударушыларға салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеруге тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қолға алынады. Айта кетерлігі, «Казахстанская правда» газетінің 24 мамыр күнгі санында осы мәселеге қатысты мақала жарияланған болатын.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу