Әлеуметтік желі ұрылардың ең пайдалы құралына айналды. Ішкі істер министрлігі осылай деп дабыл қағуда. Ұрылар алдымен жүрген-тұрғанын желіге жүктеп отыратын азаматтарды бақылауға алады. Қай уақытта қайда барады, үйінде қандай бағалы зат бар екенін пәтер иесі өзі ақ айтып береді. Кейін әлеуметтік желі арқылы пәтер иесінің жұмысқа кеткенін не өзге жаққа жол жүріп кеткенін білген баукеспелер еш кедергісіз үйлерін тонап кетеді. Жалпы статистикаға сүйенсек соңғы уақытта пәтер ұрлығы едәуір азайған. Бұған бейнебақылау камераларының, терезелерге темір торлардың, бұзуы қиын құлыптардың көп орнатылуы себеп дейді мамандар.
Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ криминалды полиция департаменті бастығының орынбасары:
Өткен аптада ел бойынша пәтер деп аталған алдына алу шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде 238 пәтер ұрлығы ашылды. 294 ұрлы қылмыстық жауапқа тартылып, 22 қылмыстық топ әшкереленді. Мұндай алдын алу шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Оңғар Алпысбайұлы