Электромобиль үшін утилизациялық алым төленбеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электромобиль үшін утилизациялық алым төленбеуі мүмкін

24.05.2021

Тоқпен жүретін көліктер үшін утилизациялық алымдар төленбеуі мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша қазір құжат талқылаудан өтіп жатыр. Ол қабылданып жатса, электромобильдер үшін утилизациялық алымдар алынып тасталмақ. Мұндай шара тоқпен жүретін машиналарды арттырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталып отыр. Айтуларынша қазір жеңіл электр көлігі үшін утилизациялық алым 437 мың, ал автобус үшін 1 миллион 200 мың теңге.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу